429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда автобус өртенді

  • 141
  • UPD: 12:31, 20.04.2021
Алматыда автобус өртенді

Алматыда «Әйгерім-2» шағынауданында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Төтенше жағдай бүгін, сағат 11:00 шамасында болған.

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Өрт 20 шаршы метрді шарпыған.

«ТЖД «101» пультіне 20 сәуір күні сағат 11 шамасында куәгерлерден Алатау ауданы «Әйгерім-2» шағын ауданындағы Қожаханов – Бембердин көшелерінің қиылысында автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті, 7 минуттің ішінде келгенде өрт сөндірушілер «Лиаз» маркалы автобустың жанғанын анықтады. 20 шаршы метр жерді жалын шарпыған. Дереу көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын суытуға бөлек өрт оқпандары берілді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 11:22-де ауыздықталып, жеті минутта толықтай сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы