Оралда ер адам өзінің әйелін 18 жерден пышақтап тастады

Оралдық азамат өзінің әйелін 18 жерден пышақтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті шаһардағы мұз айдыны сарайы маңында қолға түсті. Ал, зардап шеккен әйел бірден қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенмен, өкінішке орай сол күйі тіл тартпай қайтыс болды. Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу амалдары басталып кетті.