Алматыда аялдамадан екі жасар бала табылды

Алматыда аялдамадан бала табылды.

Тәртіп сақшылары нәрестенің анасын іздестіріп жатыр. Полиция өкілдері әйел баласын бұған дейін де бірнеше рет тастап кеткенін айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматыда табылған бала туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Жазбада бала шамамен екі жаста екені көрсетілген.

Алматы полиция департаментіндегілер 19-20 сәуірге қараған түні Северное кольцо көшесіндегі аялдамадан ер адам нәрестені тауып алғанын айтты.

«Ер адам түнде баланы үйіне алып кеткен. 20 сәуірде түстен кейін ол полицияға келіп, бала туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды, баланы №2 Балалар клиникалық ауруханасына тексеру үшін жеткізді. Қазір ол сол жерде. «Ана» дегеннен басқа ештеңе айтпайды және өз атын айта алмады», - деді Алматы ПД өкілдері.

Баласын тастап кеткен ананың жеке басы алдын ала анықталған. Полиция әйелдің тұрған жерін анықтап жатыр.

«Әйелдің екі баласы бар. Бұрын да полицияның назарына іліккен. Балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұсынылды, бірақ қорытынды жасаған тәрізді. Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әйел баланы бірнеше рет тастап кеткенін айтты. Заңнамаға сәйкес жүрген жері анықталғаннан кейін шаралар қабылданады», - деді Алматы ПД өкілдері.