Нұр-Сұлтанда дәмхана өртенді

Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында орналасқан дәмхана өртенді.

Онда тез дайындалатын тағамдар сатылады. Ақпаратты елордалық ТЖД өкілдері растады, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері сағат 12:16-да Иманов көшесі 5/2а мекенжайы бойынша шақыртуға барған.

«Өрт сөндірушілер келген соң Butchers Street кафесі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 12:33-те оқшауланып, 12:41-де жойылды. Өрт аумағы 30 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД өкілі.