Павлодар облысында босап кеткен ит бір күнде екі адамды қапты

Ақсуда ауласынан босап кеткен ит бір күнде екі адамды қауып алған.

Олардың екеуі де медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні Астана көшесінде жеке үйдің ауласынан шыққан ит 65 жастағы зейнеткерді қолынан қауып алған. Көп ұзамай дәл сол иттің шабуылынан тағы бір тұрғын зардап шеккен.  

«Иттің иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ полицейлер үй иесіне алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу керектігін ескертті», - деді Ақсу қалалық ПБ бірінші орынбасары Айдын Жүнісов. 

Бүгінгі таңда жергілікті өкілетті органдармен белгілеген иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін 1510 үй жануарының иелері ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.