Маңғыстау облысында теңізге батқан түйелердің өлексесі жойылып жатыр

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында теңіз жағалауынан табылған түйелердің өлексесі жойылып жатыр.

Жергілікті тұрғындар «Көсе» деп атап кеткен жерден кеше 20 бас ойсылқара түлігінің өлексесі табылған еді. Алдын ала болжам бойынша, түйелер суға кеткен. Апта басында Каспийде көтерілген күшті толқындар оларды жағаға шығарып тастаған.

Мерей Нұржауов, Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі таңда аудан әкімдігі қызметкерлері, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және аудандық ветеринария станция қызметкерлерімен бірлесіп, осы түйелердің өлекселерін жоюға жұмыстанып жатыр.