429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында сирек қызғалдақты жұлған адам 9 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

  • 406
  • UPD: 10:37, 22.04.2021
Түркістан облысында сирек қызғалдақты жұлған адам 9 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған азамат ұсталды. Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңындағы жайылымдық алқаптан қолына бірнеше қызғалдақ ұстаған ер адамды байқап қалған. Ал бұл гүлдерді жұлуға заңмен тыйым салынған. Тексеру барысында күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Нұрлан Тұмабаев, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Қазіргі таңда айғақты зат ретінде алынған 6 дана қызғалдаққа сараптама тағайындалып, оның қорытындысымен грек қызғалдақтары екендігі анықталды. Сондықтан бұл оқиға бойныша ҚР ҚК-нің 3 39-бабыменен қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Елордалық полицейлер ірі көлемде есірткі сатпақ болған күдіктінің жолын кесті. Ол көлік жөндеу станцияларының бірінде қолға түсті. 37 жастағы ер адамнан өсімдік тектес зат салынған жеті полиэтилен пакеті табылды. Бұдан бөлек оның темір тұлпарын тінту кезінде сатуға дайындалған ұнтақ табылды. Сараптама оның гашиш екендігін растады. Жалпы салмағы 6 келі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Түркістан облысында «Уылдырық» іс-шарасы кезінде заңсыз балық аулағандар ұсталды. Аталған іс-шара экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Акция аясында балық аулау ережесін бұзу бойынша 111 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның 18-і  заңмен тыйым салынған балық аулау құралдарын қолдануға қатысты дерек. Облыста акция 31 мамырға дейін жалғасады.

Шымкентте жол ережесін бұзған азамат жауапкершілікке тартылды. Жол көлік апаты болып, «Матиз» пен «Газель» соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен ондағы кәмелет жасына толмаған екі бала және «Газельдің» жолаушысы жарақат алды. Жәбірленушілер бірден ауруханаға жеткізілді. Бұл ретте полицейлер жолда абай болу керектігін ескертеді. 

Жомарт Сапаров, қалалық ПД патрульдік полиция полкі бастығының орынбасары:

- Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Қорытындысына сәйкес, «Матиз» маркалы автокөлігінің жүргушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен яғни жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы