429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте дендросаябақты көлікпен аралаған адам анықталды

  • 132
  • UPD: 10:39, 22.04.2021
Шымкентте дендросаябақты көлікпен аралаған адам анықталды

Саябақта көлікпен жүрген азамат анықталды.

Шымкент қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнежазбаға қатысты тексеріс жүргізіп, жүргізушіні тапты. Оған «Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көрсетілген бапқа сәйкес, азаматқа он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы