Павлодарда екі көлік соқтығысып, ер адам зардап шекті

Павлодарда екі көлік соқтығысып, ер адам зардап шекті.

Аталмыш факт тіркеліп, тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуір күні сағат 23:00-де Аймауытов және Қамзин көшелерінің қиылысында «Шевроле Ланос» және «Тойота» автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушілердің бірі медициналық көмекке жүгінді», – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалды.