Ақтауда ер адам дүкен сатушысына шабуыл жасады

Ақтауда ер адам дүкен сатушысына шабуыл жасап, бірнеше рет басына соққы келтірген.

Күдікті қамауға алынды. Ол кінәсін мойындады. Бұл туралы lada.kz Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының 13-шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінің сатушысына жасалған шабуылдың видеосы тарады.

Бақылау камераларына ер адамның дүкенге кірген сәті, содан кейін сатушы отырған үстелге барып сатушы әйелге шабуылдағаны жазылып қалған. Шабуылдаушының арнайы әдісіненкейін әйел есінен танды, содан соң ер адам оның басынан бірнеше рет тепкен. Күдікті дүкеннен ақша және ұялы телефондар ұрлап кеткен.

Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиға 22 сәуірде сағат 03:07-де болғанын хабарлады.  

«Қазір күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция шабуылға ұшыраған сатушының аман қалғанын айтты.