429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында КамАЗ автобуспен соқтығысты

  • 170
  • UPD: 15:59, 23.04.2021
Атырау облысында КамАЗ автобуспен соқтығысты

Атырау облысы Жылыой ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы болды.

Құлсары мен Теңіз кен орыны аралығындағы тас жол бойымен желдей жүйткіген КамАЗ көлігі «жұмысшылар автобусын басып озамын» деп соқтығысқан. Салдарынан жұмысқа бара жатқан 8 адам зардап шекті. Автобус жүргізушісі аудандық ауруханада жатыр.

Ақ халаттылардың айтуынша, қатты соққыдан жүргізушінің миы шайқалған.

Гүлназира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Зардап шеккен сегіз адамның жетеуіне көмек көрсетіліп, кері қайтарылды. Бір көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Бүгінгі күні осы жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы, көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейін тергеп тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы