Қостанай облысында 37 адамды кене шақты

Қостанай облысында 37 адамды кене шаққан. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген олардан вирустық кене инфекциясы анықталған жоқ.

Аталған жәндіктерден зардап шеккендердің дені облыс орталығының тұрғындары. Қауіптің алдын алу үшін мамандар далада кене жинауға кірісті. Дәрігерлер қансорғыш жәндіктерде қандай дерттің қоздырғыштары бар екенін анықтайды. Кененің шамамен он мыңға жуығы зертханада тексеріледі. Мамандар тұрғындарға жабық киініп, бас киіммен жүруге кеңес береді. Табиғат аясына шыққанда екі сағат сайын денені тексеріп, кене шаққан жағдайда жақын жердегі емханаға баруы керек.  

Людмила Налобина, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Кене энцефалиті көрші Ресейде белең алған. Сондықтан шекарадан өткен адамдар кенені сол жақтан алып келеді. Осылайша энцефалит біздің облыста расталып жатады. Қостанай облысында соңғы рет сырттан әкелінген кене энцефалиті 2018-де, ал боррелиоз ауруы 2019 жылы  тіркелді.