Алматы полициясы күзетшіге оқ атқан күдіктімен келіссөздер жүргізуде

Қазіргі уақытта пәтерде жасырынған «Бұқар Жырау Тауэрс» атқышымен келіссөздер жүргізілуде.

Қарулы адам келіссөздерден бас тартты. Оған қоса, ол баспалдақ алаңына қарай 10-нан астам оқ атқан.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Полиция азаматтарды тыныштыққа шақырды. Жәбірленуші реанимацияда, оның өміріне қауіп жоқ. Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасуда.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі