429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы атыс: көпқабатты үйді полиция қоршап тұр

  • 178
  • UPD: 23:42, 24.04.2021

Ішке бейсауат адам жібермейді.

Ал қарулы күдікті үйге бекініп алған. Ешқандай келіссөзге шығар емес. Тіпті бірнеше рет оқ атқан. Жаңа ғана тілшілерміз бір адамның терезеден құлағанын хабарлады. Бірақ оның нақты кім екені беігісіз.  Сондай-ақ үйдің сол жақ қапталынан түтін шыққан. Ресми органдар әлі ешқандай ақпарат берген жоқ. Операция жүріп жатқан үйдің тұрғындары эвакуацияланды деген ақпарат бар. Бұған дейін осы үйдің күзетшісіне оқ атылғанын хабарлаған болатынбыз. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туындаған.

Айта кетерлігі, қылмыскер алыстан келмеген. Осы үйдің тұрғыны. Ол үйіне бекініп алып, ешкімді маңайлатар емес. Бұған дейін осы ауладан тағы бірнеше мәрте оқ атылғаны жөнінде хабар тараған еді. Ал зардап шеккен үй күзетшісі ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде, дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп жоқ.

Хабар 24 телеарнасы