427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда есірткіге еліген куәліксіз жүргізуші полицейлерден қашты

  • 151
  • UPD: 13:00, 25.04.2021
Алматыда есірткіге еліген куәліксіз жүргізуші полицейлерден қашты

Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ азамат полицейлерден қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде бір көшеде көптеген патрульдік көліктің тұрған видеосы жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, мұнда шамамен 20-ға жуық машина келген. Қалалық Полиция департаменті өкілдері бүгін таңертең әл-Фараби даңғылы мен Ғ.Мұстафин көшесінің қиылысында «Mercedes» көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасағанын айтты.

«Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату жөніндегі ескертуін елемей, керісінше жылдамдықты қоса түскен. Осыған байланыстың оның соңына бірнеше полиция көлігі түсіп, көлікті қоршауға алып, оның одан әрі қозғалысына жол бермеді. Рульде 1992 жылы туған азамат болды. 2020 жылы қыркүйекте мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот жүргізуші куәлігінен бір жарым жылға айырғаны белгілі болды. Бүгін дәрігерлер оның есірткіге масаң күйде болғанын растады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. Сонымен қатар жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров оған қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлім етті.

Хабар 24 телеарнасы