Алматы облысында жүк көлігі сиырларды қағып, бір адам мерт болды

Алматы облысында жүк көлігі сиырларды қағып, 33 жастағы жолаушы мерт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Жол-көлік апаты Талғар ауданында болды.

«HYUNDAI HD 270» жүк көлігінің жүргізушісі батыс бағытта Ақбұлақ – Талғар тасжолы бойында үш сиырды қағып кеткен. Салдарынан оқиға орнында 33 жастағы жүк көлігінің кабинасында отырған жолаушы мерт болды», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Аталған жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.