Ақмолада мүгедек адамды пышақтап, үйін өртеген күдікті ұсталды

Целиноград ауданында полиция қызметкерлері бірден екі қылмыс жасаған қаскүнемді ізін суытпай ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

22 сәуірде күдікті екінші топтағы мүгедекке пышақ жарақатын салып, тұрғын үйді өртеп жібергені туралы үйдің 47 жастағы иесі хабарлаған.

Үйлердің бірінің ауласында қаскүнем оталып тұрған көлікті көреді. Жағдайды пайдаланып ер адам көлікті айдап әкеткен. Қырықыншы станциядан алыс емес жерде күдікті жол апатына ұшырап, апат орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері осы елді мекеннің 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу), ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның өртке қатысы бар-жоғы тексеріледі. Тергеу амалдары жүргізілуде.