Павлодар облысында ер адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды

Павлодар облысында ер адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды.

Өлімнің себебі анықталуда, деп хабарлады Pavlodarnews.kz. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында өңірлік ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Двинянин айтты.

«Сенбі күні Павлодар ауданы Жаңа қала ауылының Жайылма аумағындағы өртті сөндіру кезінде ер адамның жанған денесі табылды. Мүмкін балықшы шығар», – деді спикер.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді. 

Ер адамның өлімінің себебі анықталуда.