427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында біреу ер адамды аяқтан атып жаралады

  • 126
  • UPD: 21:13, 26.04.2021
Алматы облысында біреу ер адамды аяқтан атып жаралады

Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында белгісіз біреу ер адамның аяғына оқ атты. Оның жағдайы өте ауыр. Полиция күдіктіні іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада куәгерлер қарулы шабуылдың орынын көрсетеді. Сондай-ақ онда оқиға салдарынан егде жастағы адамның жараланғаны айтылады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 сәуірге қараған түні болған. Шалқар ауылының 62 жастағы тұрғыны зардап шеккен.

«Тексеру барысында Қаскелеңнің 29 жастағы тұрғыны анықталды. Оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. Бұл факт «адам өлтіруге оқталу» әрекеті ретінде тіркелді. Істің себептері мен мән-жайы анықталады. Өзге ақпарат жария етілмейді», - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер зардап шеккен адамның сол аяғын оқ тесіп өткенін айтты. Ол шамамен сағат 23:00-де Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Ер адамның жағдайы өте ауыр.

«Науқас реанимация бөліміне түсті. Ол сол жақ аяғынан жараланған. Сол жақ жіліншігіне оқ тиген. Аяғының екі сүйегінің жоғарғы бөлігі сынған. Жалпы жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр», - деп хабарлады облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшы мылтығынан жарақат алды.

Полиция мәліметінше, күзетші мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшіні аңшы мылтығымен аяғынан атқан.

Хабар 24 телеарнасы