Алматыдағы құрылыс алаңында жас жұмысшы мерт болды

Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жігіт қаза тапты. Полиция оқиғаны тексеріп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Құрылыс алаңындағы өлім туралы Нұрмақов – Қабанбай батырдағы құрылысқа шағымданып жүргенгендер жазды. Алматы Қалалық Полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Сонымен қатар аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады», - деп атап өтті полициядағылар.