427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде зейнеткер 18 жастағы бойжеткеннің көлігін иемденіп алды

  • 177
  • UPD: 13:16, 27.04.2021
Семейде зейнеткер 18 жастағы бойжеткеннің көлігін иемденіп алды фото: https://polisia.kz

Зейнеткер 18 жастағы семейліктің көлігін иемденіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қ. ПБ Затон полиция бөліміне 18 жастағы семейлік бойжеткен жүгінді, ол күндіз таныс емес ер адам өз еркімен 700 мың теңге қарызының есебінен автокөлікті иемденгенін хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 65 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы