Ақтөбеде жас жүргізуші ерлі-зайыптыны қағып өлтірді

Ақтөбеде шетелдік маркалы көлік мінген 19 жастағы жүргізуші көшені кесіп өтпек болған ерлі-зайыптыны қағып кетті.

Жасы отызға жетпеген келіншек сол жерде опат болған. Ал күйеуі аурухаанға жеткізілгенмен, көп ұзамай ол да жан тәсілім етті. Полицияның хабарлауынша, көлік жүргізушісі былтыр жылдың соңында ғана көлік жүргізу куәлігін алған екен. 

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Күдікті қазіргі таңда қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Екі жаяу жүргінші жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Ол жерде жол белгілерінің бәрі орналасқан. Соған қарамастан осындай жол-көлік оқиғасы орын алып отыр.