429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында суға батып кеткен баланың денесі табылды

  • 98
  • UPD: 14:30, 27.04.2021
Атырау облысында суға батып кеткен баланың денесі табылды фото: inform.kz

Атырау облысында кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, суға кеткен 9 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 сәуір күні суға батып кеткен 9 жасар баланы іздестіру жұмыстары бүгін таңертең қайта жалғасты.

Қайғылы оқиға Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының жанындағы Құрсай каналында болды.

Құтқарушылар, туған-туыстар, еріктілер іздестіру жұмыстарын түні бойы жүргізді. Бүгін таңертең сүңгуірлер іздеуді қайта бастады. Суға батқан бала алғашқы сүңгу кезінде-ақ сағат 06 сағат 35 минутта табылды. Денесі сараптама жүргізу үшін құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне берілді.

Хабар 24 телеарнасы