Елордада бойжеткен көлік тұрағындағы тракторды ұрлап кетті

Әлдекім елордадағы көлік тұрағынан жүк тиегіш техниканы ұрлап кеткен.

Ұрлап кеткенімен қоймай, жұртты дүрліктірді. Ақыр аяғында полицейлер жүргізушінің түнгі уақытта таныс қызын үйіне шақырғанын анықтады. Спиртті ішімдік ішкен ер адам масайып ұйықтап қалған. Ал бойжеткен көп ойланбастан тракторды мініп кеткен. Сөйтіп Брусиловский көшесінің бойында жеңіл көлікті қағып, зиян келтірген. 25 жастағы бойжеткен ақыры ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның көлік жүргізерге тиісті құжаты да жоқ екен.