Қарағандыдағы Доскей ауылында төтенше жағдай жарияланды

Қарағандының дәл іргесіндегі Доскей ауылында өрт шығып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Ауылға іргелес, небәрі 6 шақырым қашықтықтағы қоқыс полигоны отқа оранған. Жергілікті әкімдік полигонда өрт бұған дейін де, яғни 15-22 сәуір аралығында болғанын айтады. Араға уақыт салып, от қайта тұтанған. Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталуда, оны біреулер әдейі жаққан деген жорамал бар.