Алматыда құдыққа түскен үш адам белгісіз газдан уланды

Алматыда құдыққа түскен үш ер адам белгісіз газдан уланып қалды.

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тексеріліп жатыр, деп хабарлады inAlmaty.kz Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 сәуірде кешке Нұрмағамбетов көшесінің бойында болған. Жанармай бекетінің үш қызметкері есептегіш көрсеткіштерін алу үшін құдыққа түсіп, белгісіз газдан уланды.

Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

ТЖД бұл жағдай бақылауға алынғанын айтты. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тексерілуде.