Қызылордада екі күннен бері 6 жасар бала табылмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол 27 сәуір күні таңертең сағат 10 шамасында аулада ойнау үшін шығып кетіп, қайта оралмаған.
Әуелі ата-анасы өз күштерімен іздеген, арада 9 сағат өткеннен соң полицияға хабарлаған. Іздеу жұмыстарына полицейлер, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен бірге еріктілер де жұмылдырылды.
Нұрлан Ағаділов, қалалық полиция басқармасының бастығы:
- Көп қабатты үйлердің шатырлары, жертөлелері, ауладағы құдықтар, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер іздестіріліп, жасөспірім баланың суреттері тұрғындардың назарына ұсынылды. Бұл жұмыстар полиция департаменті басшысының қатаң бақылауында.