Қарағандыда қоғамдық көліктің «біртүрлі жүргізушісі» жазаға тартылатын болды

Қарағандылықтар бір мезетте қоғамдық көлікті тізгіндеп, смартфонға телміре білетін жүргізушіні камераға түсіріп алды.

Оның отырысы да біртүрлі екен. Видео лезде әлеуметтік желілерге тарап кетті. Өкінішке орай, мұндай көрініс бірінші рет емес, күнде қайталанатын көрінеді. Халықтың шағымы соған дәлел.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген үшінші автопарк директоры Артур Григорянның айтуынша, жүргізушінің әрекеті ерсі әрі тәртіпке сай емес. Енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тіпті ішкі жазадан құтыла алмауы мүмкін.