Қарағандыда жүгенсіз жүргізушіге 20 АЕК айыппұл салынды

Қарағандыда бір мезетте қоғамдық көлікті тізгіндеп, смартфонға телміріп отырған жүргізушіні тәртіп сақшылары анықтады.

Енді ол 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 58 мың 340 теңге айыппұл төлейді.

Автобус жүргізушінің ерсі отырысы мен іс-әрекетін жолаушылардың бірі камераға түсіріп алған. Видео лезде әлеуметтік желілерге тарап кетті.

Шағымданған жолаушылар «мұндай көрініс бірінші рет емес, күнде қайталанады» деп наразы.