Ақтөбеде сегіз жастағы велосипедшіні көлік қағып кетті

Ақтөбеде көлік жүргізуші сегіз жастағы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

28 сәуірде Мәртөк ауылында «Дэу Нексия» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігін кесіп өткен сегіз жастағы велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, Ақтөбе қаласындағы ОБКА-ға жеткізілді.