Атырауда жеке үйге жапсарлас салынған үш нысан өртенді

Атырау қаласында жеке иеліктегі үйге жапсарлас салынған 2 гараж бен уақытша баспана өртеніп кетті.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» кезекші қызметіне 30 сәуір сағат 12:57-де Атырау қаласының «Самал» шағын ауданындағы №7 көшеде орналасқан үйдің аумағы өртеніп жатқаны хабарланған.

«Департамент қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, үйге жалғанып салынған жалпы ауданы 180 шаршы метр 2 гараж пен уақытша үйдің толықтай өртенгенін анықтады. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 22 қызметкер мен 7 техника, «Атырау жарық» АҚ-нан 2 қызметкер, 1 техника, «104» қызметінен 2 қызметкер, 1 техника, жедел жәрдем қызметінен 2 қызметкер, 1 техника, полиция департаментінен 6 қызметкер, 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Өрттің сол маңдағы 3 үйге таралуына жол берген жоқ.