429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ойыншық машинамен жолға шыққан алматылық жауапқа тартылуы мүмкін

  • 115
  • UPD: 18:24, 01.05.2021
Ойыншық машинамен жолға шыққан алматылық жауапқа тартылуы мүмкін

Алматыда ойыншық машинаға отырып алып, көше қыдырған қала тұрғыны жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол баласының да өміріне қауіп төндірген. Оған қоса, жол ережесіне кедергі келтіріпті. Бұл оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді. Көпшілік оның бұл қылығына наразы болды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ойыншық машина мінген азаматқа қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылып жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қазіргі таңда аталған дерек бойынша жергілікті полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізу үстінде. Құқық бұзушының аты-жөні анықталып, бұл оқиғаның Әуезов ауданында өрбігені анық болды. Бұл азамат ұсталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Жалпы осы іс-әрекеттерімен баланың және өзінің денсаулығына, сондай-ақ жол жүру процесіне қатысушылардың өміріне айтарлықтай қауіп төндірді.

Хабар 24 телеарнасы