Түркістанда түн ішінде дыбыс зорайтқышпен ән шырқаған жүргізуші ұсталды

Түркістанда түнгі екі шамасында жедел жәрдем көлігі тұрғындардың тыныштығын бұзды. Жүргізуші көшенің қақ ортасында айнала жүріп көліктің дыбыс зорайтқышы арқылы көшені басына көтеріп, ән шырқаған.

Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, ақыры еріккен жүргізушіні полиция іздеп тапты.

Сөйтсе, жедел жәрдем Түркістанға Арыс қаласынан келген болып шықты. Ауруханаға науқасты әкеліп, қайтып бара жатқан сәтінде жедел жәрдемнің дыбыс зорайтқышын барынша қосып қойып ән айтқан. Бірақ жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталды. Полицейлер ескерту жасап, хаттама толтырған. Жүргізушінің өзі халықтан кешірім сұрады.