427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда қураған шөптің кесірінен үй өртенді

  • 94
  • UPD: 21:46, 02.05.2021
Петропавлда қураған шөптің кесірінен үй өртенді

Петропавл маңында қураған шөп пен қамыс өртеніп, жалынның қаланың ықшам ауданына таралу қаупі төнді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, 2 мамыр күні Петропавл маңында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Бұл жөнінде тұрғындар 101 номеріне сағат 13:22-де хабарлап, Былғары зауыты ықшам ауданында құрғақ шөптің жанып жатқанын айтқан.

Оқиға орнына облыс орталығының үш өрт сөндіру бөлімшесі жөнелтілді. Қатты желден жалын өршіп, жақын маңдағы қамысты шарпыды, осылайша өрт 3 гектар жерге жайылды. Мамандар шағын аудандағы тұрғын үйлерді аман алып қалу үшін 2 сағат бойы арпалысты. Алайда бір тұрғын үй мен екі қора-қопсы жанып кетті. Өрт тек сағат 17:16-да ғана толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы