Оралда сегіз бала аттракционда жарақаттанып қалды.
Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, оқыс оқиға 2 мамырда «Чудненко» аттракционында болған. Куәгерлердің сөзінше, асқан жылдамдықпен айналып тұрған аттракцион кенет тоқтап қалған.
«Әткеншек кенеттен тоқтап, балалар бір-біріне соғыла бастады», - дейді оқиға куәгері.
Салдарынан 5-10 жас аралығындағы сегіз бала түрлі жарақат алып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Басылым мәліметінше, қалалық саябақтағы аттракциондар РИА «МИР» ЖШС-іне тиесілі. Дәл осындай оқиға осыдан екі жыл бұрын болған екен. Оған техникалық ақау себеп болған.