427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы әткеншектен құлаған балаларда ми шайқалу мен сүйек сыну жарақаты жоқ

  • 110
  • UPD: 13:59, 03.05.2021
Оралдағы әткеншектен құлаған балаларда ми шайқалу мен сүйек сыну жарақаты жоқ

Оралда қалалық саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап, жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Калейдоскоп» деп аталатын айналмалы әткеншек аяқ астынан істен шығып, кілт тоқтаған. Салдарынан балалар жан-жаққа ұшып, темір жақтауларға соғылыпты. Сол жерде тұрған адамдар көмекке ұмтылған. Түрлі дәрежеде дене жарақатын алған жеткіншектер бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, балаларда ми шайқалу мен сүйек сыну жарақаты жоқ. Олар амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне қайтарылды. Ал, ата-аналардың арызына орай аттракцион иелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы