Түркістанның қақ ортасында төбелес шықты

Тапа-тал түсте қарсыласына пышақ сілтеген белгісіз ер адамды тұрғындар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңында күдікті өзінен қашпақ болған адамды басынан кірпішпен ұрып құлатқан. Жарақат алған адамның жағдайы белгісіз. Бір анығы, Полиция «бұзақылық» бойынша іс қозғады. Күдікті бір адам ұсталған. Еске сала кетейік, өткен аптада ғана дәл осы шаһарда бір-бірін қуып, оқ атқандар туралы жариялаған едік.