Ақтөбе-Орынбор бағытындағы жол апатынан адам қаза тапты

Ақтөбе-Орынбор бағытындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Ал «Ауди» маркалы темір тұлпардың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Полицияның хабарлауынша, ол жолдың қарсы жолығына шығып кетіп, «Газельге» соққан.

Халықаралық бағыттағы тас жолда болған оқиға Мәртөк кентінің маңында болған. Екі көлікте болған 4 жолаушы елді мекендегі емдеу мекемесінде жатыр.