Өскеменде жөндеуге қойылған көлік өртенді

Өскеменде жөндеуге қойылған көліктен өрт шығып, айналасында тұрған ағаш және қауырсыннан жасалған заттарға ұласты.

Оқыс оқиға Асар көшесіндегі техникалық қызмет көрсету орталығында болды. Шақырту түскен бойда дереу жеткен жеке құрам жасағы мен бірнеше арнайы техника 45 шаршы аумақты шарпыған отты сөндірді. Кейін оның көлік моторы бөлігінде қысқа тұйықталған электр желілерінен шыққанын анықтады. Нәтижесінде көрші орналасқан гаражбен онда тұрған тағы бір көлік тілсіз жаудан аман қалды.