427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зерендідегі Үлгілі сарқырамасына тағы да адам құлап кетті

  • 134
  • UPD: 11:26, 04.05.2021
Зерендідегі Үлгілі сарқырамасына тағы да адам құлап кетті

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Үлгілі сарқырмасына 45 жастағы ер адамға құлап мертікті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға 3 мамырда күндізгі сағат 15:00-да болған. Суға құлаған 45 жастағы ер адам түрлі дене жарақатын алып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам қабырғаларын, иығын сындырған, басын жарақаттаған.

«Сарқырама аумағына ескерту белгісі орнатылған, сондай-ақ ескерту лентасы тартылған, тәртіп сақшылары кезекшілік етеді, орманшылар дыбысты күшейткішпен жүріп қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Соған қарамастан, адамдар қауіпсіздік шараларын елемейді», - дейді аудан әкімдігіндегілер.

Айта кетейік, жақында осы сарқырамаға тағы бір ер адам 6 жасар қызымен құлап кеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы