Петропавлда 31 адамды кене шағып алды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бірнеше аптада 31 адамды кене шақты. Олардың жартысы 14 жасқа дейінгі балалар.

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары хабарлады. Кененің қаптауына ауа райының күрт жылынуы себеп болған. Табиғат аясына демалуға шығатындарға эпидемиолог дәрігерлер сақ болу керектігін ескертеді. Себебі бұл қансорғыштар түрлі жұқпалы ауруларды тасымалдауы мүмкін. Жалпы биыл кенелермен күреске республикалық әрі жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Қазір Айыртау, Қызылжар аудандарымен Петропавл қаласында мың гектар алқапқа жуық аумақ залалсыздандырылатын болады.

Меруерт Атамбаева, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Кене инцефалитіне қарсы арнайы профилактикалық шарасы – бұл вакцинация. Вакцинация әр үш жыл сайын жоспарлы түрде тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда жүргізіледі. Және оған жататын контингенттер мысалы, балық аулаушылар, аң аулайтындар, орманды алқаптарда жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Жыл сайын мыңға жуық адам кене инцефалитіне қарсы егіледі.