426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында бір ай бұрын жоғалған адамның мәйіті табылды

  • 153
  • UPD: 04:23, 06.05.2021
Қарағанды облысында бір ай бұрын жоғалған адамның мәйіті табылды Иллюстративті фото / blogspot.com

Нұра ауданының Кәрім Мыңбаев ауылынан шығып, жоғалып кеткен 63 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ТЖМ.

«5 мамырда Нұра ауданында жүргізілген ұзақ уақыт іздестіру нәтижесінде Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелері Тассуат ауылының маңында 8 сәуірде жоғалып кеткен 1958 жылғы Н.Х. Сүлейменовтің денесін тапты. 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұра өзенінің арнасында іздеу жұмысы барлық тәсілді қолдана отырып жүргізілген. Талдау әдісімен 32 шақырым жер, эхолотпен 23 шақырым жер тексерілді, көзбен шолып, 75 шақырым тексерілді, квадрокоптермен 35 шақырым тексерілді» делінген хабарламада.

Жоғалған адамды іздеуге көптеген маман жұмылдырылған.

«Жаяу жүріп Нұра өзенінің 45 шақырым арнасы зерттелді. ТЖД кинологиялық топтары 18 шақырымды, 170 шақырымнан асатын өзен арнасының су беті қайықпен тексерілді. Іздеу жұмысына тікұшақ та тартылды. Бұдан басқа аэровизуалды тексеру үшін мотопарапландар тартылды, олармен шамамен 30 шақырымды тексерді. Өзендегі іздеу жұмысына оның ауқымдылығы, түбінің рельефі күрделі болғаны, шұңқырлардың көптігі, лай су астында көру мүмкіндігінің болмауы, өсімдіктердің көптігі кедергі келтірді» делінген хабарламада.

Құтқарушылар үміт үзбей, іздеу жұмысын жалғастырды. Марқұмның денесі көлік табылған жерден 4 шақырым қашықта судың ортасына қарай 50 метр жерден табылды.

Хабар 24 телеарнасы