Өзбекстанда Қазақстанға ірі көлемдегі ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Өзбекстанда Қазақстанға ірі көлемде ақшаны заңсыз өткізбек болған екі машинист ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту барысында олардан 1 млн доллардан астам қаражат тәркіленген. Көрші елдің мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, ұсталғандар «Өзбекстан темір жолдары» локомотив депосының қызметкерлері. Олар 971,5 мың доллар, 50 мыңға жуық еуро мен 3,5 миллондай рубль қаражатты өздері басқарған электровозда жасырған. Қомақты қаржыны Қазақстанға алып өту үшін машинистерге Зәңгі ата ауданының тұрғыны берген екен.

Махлиё Валикулова, Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің маманы:

- Бұдан бөлек, электровоз «Келес» темір жол станциясына келгеннен кейін қайта тінту жүргізілді. Нәтижесінде машинстің орындығының астынан 1050 доллар көлемінде ақша табылды.