Алматыдан 199 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі хабарлайды.

6 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 07 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 199 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

Магнитудасы: MPV 5.2.

Тереңдігі: 15 км