Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті

Бала облыстық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бес жасар ұл бала Павлодар қаласындағы көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Бала құлаған пәтер үшінші қабатта орналасқан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жедел жәрдем бригадасы баланы Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізген. Науқаспен бірге реаниматологпен жүрген.

Дәрігерлер балаға компьютерлік томография жасады. Бала ми жарақатын алған. Суреттерге сүйене отырып, науқасқа бас сүйегінің негізіндегі жабық сынық диагнозы қойылды.