Қызылорда облысында 5-сынып оқушысы каналға батып кетті

Қызылорда облысы Сырдария ауданында бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Сырдария ауданы Амангелді ауылында болды.

«5-сыныпта оқитын ер бала Жетікөл каналына батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен баланың денесі судан шығарылды», - деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.