Павлодарда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 4 адам қаза тапты.
Қызыл жалын кеше кешкі 21:00 шамасында Қамзин көшесіндегі үйде тұтанған. Өрт сөндірушілер пәтер ішінен бір әйелдің мәйітін алып шықты. Ал баспалдақ жанынан тағы бір ер адам мен әйелдің және баланың мәйіті табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша олар түтінге тұншығып өлген. Қызыл жалынды сөндіруге 8 техника, жеке құрамнан 28 адам жұмылдырылды.
Төтенше оқиғаның себебі анықталуда.