Нұр-Сұлтанда полицейлер көпірден секірген адамды құтқарды

Нұр-Сұлтанда полицейлер көпірден секірген адамды құтқарды деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңғы сағат 04:30-да Нұр-Сұлтан қаласы ПД жедел басқару орталығына Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» СК көпірінен ер адам секірмекші болды деген хабарлама келіп түсті. Полицейлер келген бойда жас жігіт көпірден секіріп үлгірген.

«Уақыт өте тығыз болды, біз суға түсіп, жігітті киімінен ұстап, қауіпсіз жерге шығардық», – дейді оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Темірлан Әділбеков пен Олжас Алтынбеков.

Анықталғандай, 22 жастағы тұрғын мас күйде болған. Жігіт медициналық көмек алу үшін дәрігерлерге тапсырылды. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп жоқ.