Павлодарда темір жол бойындағы қураған шөп өртенді

Қызыл жалын 20 гектарға жуық аумақты шарпыған.

Абырой болғанда өрт-сөндірушілер дер кезінде жетіп, өрт түнгі сағат 12:25 шамасында оқшауланған. Оған екі арнайы техника мен 6 адам жұмылдырылды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сәйкес өрт тұрғындардың салғырттығынан шыққан көрінеді. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары оттың пойыздан шыққандығын айтып, бейнетүсірілім жариялаған.