Риддердегі өртке қатысты күдікті ұсталды

Полиция Риддердегі өртке қатысты күдіктіні ұстады.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Оның сөзінше, өрттің шығу себебі ретінде қасақана өртеу немесе отты абайсыз қолдану нұсқалары қарастырылып жатыр.

Еске салайық, қайғылы оқиға кезінде 1 адам қаза тапқан. Тағы екі адамның жағдайы ауыр. Бұдан бөлек, тағы төрт тұрғын жедел жәрдемнің көмегіне жүгінген. 

Талғат Уәли, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:

– Төтенше жағдайлар министрлігі дәл қазіргі сәтте өртті сөндіру жұмыстарына ғана араласуда. Ал тергеу ІІМ құзіретінде. Біздегі бар ақпарат бойынша кеше отты тұтандыруы мүмкін деген күдікпен 1 азамат ұсталған. Ол туралы ІІМ толыққанды ақпарат береді.